Қыс мезгілінің басынан Талғар ауданының таулы учаскелерінде алты профилактикалық қар көшкіні жүргізілді. Шамамен 2600 текше метр қар массасы жарылысы жұмыстары арқылы етекке түсірілген. Бұл халықты тосын табиғи апаттардан қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Аймақ құтқарушылары тұрғындар мен аудан келген туристерге жақын арада ауа-райының нашарлауына байланысты таулы жерлерде демалудан бас тартуды сұрайды.