Смарт аялдамалар- жауаптылар іскерлігіне сын… Талдықорғандағы құны 8 млн теңгелік аялдамалар әлі күнге адам аялдайтын күйге келтірілмей тұр. Қала сыртындағылары қираған. Орталықтағылары қоқыс орындарына айналған. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев қала әкіміне ретке келтіруге тапсырма берген. Әсет Масабаев тұрғындармен кездесулерде сан мәрте жөндейміз деп сендірген еді. Сең қозғала қоймаған сыңайлы…