Жылыту маусымы басталғалы Жетісу облысында 3 адам ыс тиіп қаза болды. Соңғы жағдай осыдан 5 күн бұрын орын алған. Қазірде улы газдан уланған бір адам ауруханада ем алып жатыр. Сондықтан, ТЖД мамандары тұрғындарға қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қазірде сала қызметкерлері полицейлермен бірігіп, үй-үйді аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.