Банкроттық туралы заң кеңінен түсіндіріліп жатыр. Кредиттен кімдер құтыла алады? Оларға қандай талаптар қойылады? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды. Заңның мақсаты – азаматтардың қарыздық жүктемесін жеңілдету. Жалпы банкроттық туралы заң 3 түрлі жолмен жүзеге асады. Олар сот арқылы банкроттық, соттан тыс және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы.