Алматы әуежайы маңындағы, Талғар ауданына тиеселі 190 жер учаскесінде мемлекеттік қайтарып алу жұмыстары жүруі тиіс. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлап отыр. Ал кезінде әкімдіктегілер заңсыз үлестірген жерді әр кімнің қолынан сатып алып, баспана тұрғызған тұрғындар қандай уәж айтады.