Қар көшу қаупі бар аймақтар төтеншеліктердің қатаң бақылауында. Бұл жұмыстар сәуір айының соңына дейін жүргізіледі. Шаңғышылардың қарлы беткеймен өтуі, қатты айғайлау, оқ ату, тіпті тау бөктерінен шанамен сырғанау да қар көшкінін әкеледі. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен брифингте сала мамандары айтты.