Алматы облысында мектеп тапшы. Қазірде мегаполис түбіндегі аймақта 28 мың оқушыға орын жетіспейді. Үш ауысымды мектепті жою мақсатында биыл 28 білім ошағының құрылысы басталмақ. Жаңа нысандар «Жайлы мектеп» ұлттык жобасы аясында салынады. Ол үшін бюджеттен 60 млрд тенгеге жуық қаржы қарастырылып отыр.