Алаяқтық атаулының алуан түрін меңгергендер халықтың қалтасын қағып, соқыр тыйына дейін алып кетуден кымсынар емес. Алматы облысында кылмыстың осы түрі, яғни интернет алаяқтық өршіп тұр. Жыл басынан 58 жағдай тіркеліп отыр. Бұл туралы ПД өкілдері мәлімдеді. Ақпарларынша, өткен жылы осындай 653 факті тіркелген. Нәтижесінде 44 iс қозгалып, кінәлілер жауапқа тартылыпты.