Үйде отырып ем-дом шараларын көрсетіп отырған дәрігерлерге жаңа амбулатория берілді. Енді, Еңбекшіқазақ ауданындағы Қызылжар және Қайназар ауылының тұрғындары сапалы медициналық қызмет ала алады. Аты жаңа болғанымен заты ескі. Өйткені күрделі жөндеуден өтіп, керек-жарақ құрал-жабдықтармен қамтылған.