Алматы облысы бойынша өткен 2022 жылы 170 заңды тұлға сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, жауапкершілікке тартылған. Оның тең жартысынан астамы әр түрлі лауазымда отырғандар. Бұл туралы Іле ауданында мемлекеттік қызметкерлерге арналған облыстық семинар-тренинг мәлім болды. Ал мұндай заңсыздыққа жол бермеу үшін қайтпек керек?! Мамандар жең ұшынан жалғасатын қылмыстық әрекеттердің алдын алу жолдарын мемлекеттік қызметкерлермен бірге отырып талқылады.