Аймақ тұрғындарының назарына! «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-і 2023 жылдың 1-ақпанынан бастап, электр қуатының бөлшек сату шекті бағасы көтерілетінін хабарлайды. Тариф өсуіне электр қуатын өндіру мен энергия транзиті құнының көтерілуі негіз. Әрі, компания қызметкерлерінің жалақысын көтеру қажеттілігі бар. Осы ретте аталған мекеме 2022 жылдың, 19 желтоқсанында табиғи монополияларды реттеу комитетіне электр энергиясының шекті бағасын көтеру туралы хабарлама жіберген болатын.