Жетісу облысында былтыр кәмелетке толмағандардың қатысуымен 67 қылмыс тіркелген. Ең ауыры оның ішінде адам өлтіру дерегі бар. Психологтар жас буынның мұндай әрекетке баруына бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбеуі себеп дейді. Аталған проблема бүгін Талдықорғанда өткен «Бала тәрбиесі — басты міндет» атты семинарда талқыланды.