«Мектепке дейінгі ұйымдар тобында күні бойы екі педагог». Қонаев қаласындағы «Ақдидар» балабақшасы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің аталмыш пилоттық жобасын жүргізуге ат салысты. Апробациядан өткен балабақша мамандары өзге әріптестерімен тәжірибе алмасты. Осы бағыттағы облыстық семинарға 9 аудан мен өңір орталығының балабақшаларынан 50-ге жуық педагог қатысты.