Жамбыл жырдың алыбы! Осындай тақырыппен Қонаев қаласында оқушылар арасындағы облыстық айтыс өтті. Сөз додасына алматы облысының 9 аудан бір қаласынан іріктеліп келген 17 жас ақын шабыт ширатып, шабыс байқасты. Жыр ғұмырын жұртына арнаған айтыс алыбының өлеңдегі өнегесін жас перілер қалай жырға қосты?