Биыл қазақтың музыка өнеріне сүбелі үлесін қосқан сазгер Әсет Бейсеуовтың туғанына 85 жыл. Осыған орай, Қонаев қаласында «Әсеттің әсем әндері» атты мәдени кеш өтті. Шараға халық әртісінің ұрпақтары, шәкірттері мен көзін көргендер жиылды. Олар бір сәт дара тұлғаны еске алып, шығармашылығынан сусындады.