Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Бұл қағида пайда болғалы министрлер мен әкімдер халықпен кездесуді жиілетті. Мәселен 2022 жылы әкімдер халықпен 28,3 мың кездесу өткізсе, министрлер 216 жеке қабылдау өткізіпті. Бұл туралы үкіметтің кезекті отырысында айтылды.