Спорт саласында — құрылыс қызу. Биыл Талдықорғанда “Жетісу” волейбол клубына арналған спорт нысаны салынады. Ал, волейболшылары үшін арнайы тұрғын үй құрылысы басталмақ. Жетісу өңірі спортты дамытуға ден қойып жатыр. Енді өңір орталығында индер-хоккей, регби және үстел теннисімен басқа да спорт түрлеріне арналған кешендер бой көтереді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев осы және басқа да жобалардың жай-жапсарын жауаптылармен талқылады. Басқосуға құрылыс компаниялардың өкілдері, дизайнерлер мен демеушілер қатысты.