Құны – 6,5 млн теңгелік ота. Жетісу облысының кардиохирургтары жүрекке бірегей операция жасады. Оның ерекшелігі-дәрігерлер кеуде қуысын ашпай хирургиялық ем жүргізеді. Жоғары технологиялық әдіс бүкіл әлемде бірнеше жыл бұрын пайда болды. Біздің мамандар да шет елдердің тәжірибесін қабылдап үлгерді. Осындай үш операция Облыстық кардиологиялық орталығында жүргізілді.