Ақсу қант зауыты биыл наурыз айында іске қосылады. Ол жылына 50 тонна қант құрағын өңдеу бойынша өндірістік желіні іске қоспақ. Бұл жайында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданы халқымен кездесуі барысында мәлімдеді. 2 жылдан бері тұрып қалған кәміпорын ісінің қайта жандануы, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашпақ.