Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ өткізу мерзімі – 16 мамыр мен 5 шілде аралығы. Түлектер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш берді. Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өтетін орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды. Талапкерлер аталған кезеңде тестіні 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім гранты конкурсына қатыса алады.