Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында белгілі тарихшы Зардыхан Қинаятұлының І-ші оқулары басталды. Аясында Абылай ханның 310 жылдығына орай «Абылай хан және қазақ мемлекеттілігі — тарихи үдерістер мен сабақтастық» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.