Спорт және туризм мамандықтарына оқуға түсетіндерге әкім гранты тағайындалды

0
52

Биыл алғаш рет спорт және туризм мамандықтарына түсетін балаларға Алматы облысы әкімінің гранты тағайындалып отыр. Жалпы өткен жылдарға қарағанда биыл 150 бала өңір басшысының грантына ие болмақ. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы баспасөз брифинг барысында айтты. Салтанат Беспаеваның сөзінше, осы оқу жылын 330 мыңға жуық бала аяқтайды. Оның 12 мыңнан көбі 11 сыныпты бітіреді. Ал, ұлттық бірыңғай тестілеуді 10 мың оқушы тапсырады екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here