Өткен жылы өңірлерге тиесілі 100 индикатордың 13 көрсеткіші бойынша Алматы облысы межелі нәтижеге қол жеткізе алмады. Оның 9-ы Ұлттық жоба шеңберінде. Бұл туралы Ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі отырыста экономика басқармасының басшысы Аслан Ораз мәлімдеді. Жиында инвестор тарту, өндіріс орындарының жетіспеушілігі, туристер санының артуы мәселесі талқыланды.