Талдықорғанда «Халық заңгері» акциясы аясында 200ге жуық азамат тегін заңгерлік кеңес алды. Олар жергілікті атқарушы орган, құқық қорғаушылар, адвокаттар мен білікті заңгерлерден кеңес алды. Әр тұрғынның сұрағына жауап беріп, заң тұрғысынан көмек көрсетті. Дені тұрғын үй кезегі мен салық төлемдері мәселесін көтерді. Мұндағы басты мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
ADVERTISEMENT