Адам қауіпсіздігі маңызды. Қазақстанға жылма-жыл 2 млнға жуық еңбек мигранты келеді. Әрі, көбіне ересектер балаларын ерте келеді. Оларды еріксіз қауіпті көші-қон процесіне тартады. Дәл осы кішкентай мигранттар заңсыз еңбек қанауына тартылады, зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Ағымдағы жылы Жетісу өңірінде бала саудасымен күресу жобасы жұмыс жасай бастады. Бұл іске жауапты ұйымды АҚШ мемлекеттік департаментінің Адам саудасын бақылау және күрес басқармасы қаржылай қолдап отыр. Мақсат: қиын жағдайға тап болған мигрант балалар мен олардың ата-аналарына көмектесу. Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы жоба аясында атқарған істерін баспасөз брифингінде баяндап берді.
ADVERTISEMENT