Бүгін батылдық пен шапшаңдықты, бастысы шұғыл шешім қабылдай алатын сала мамандарының күні. Бүкіл республика құтқарушылардың мерекесін атап өтуде. Облысымыздағы қауіпті кәсіптің өкілдері кәсіби мерекелерін ерлікпен қаза тапқан сала мамандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан бастады. 27 жыл ішінде төтенше жағдайлар қызметкерлері 500 мыңнан астам адамды құтқарған. 50-ден аса маман қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапты.
ADVERTISEMENT