Қазақстанның туристендіру картасына 68 аумақ енгізілген. Оның 9-ы Алматы облысындағы туристік аймақ. Бұл туралы облыстық туризм басқармасының басшысы баспасөз жиынында айтты. Ол өткен 9 ай ішінде өңірдің туристік кластерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шаралар жайлы мәлімдеді. Сондай-ақ, Алматы облысының «Visit Alatau» жаңа туристік бренді қабылданып, бекітілгенін де атап өтті. E-Qonaq қосымшасындағы мәсліметке сай, туристердің өңірге келуі бойынша, Алматы облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі үштікте. Bedtax шетелдік туристерге салынатын жарна мөлшерінен түсетін салық көлемі облыс бойынша 68,2 мың теңгеден бүгінгі күнге 3,1 млн. теңгеге дейін өскен.
ADVERTISEMENT