Отаншылдық рухты жаныды. Республика күні қарсаңында Қонаевта патриоттық акция ұйымдастырылды. Белсенді оқушы жастар жиналып, мемлекеттік көк туды аспандата көтеріп, қала көшелерін аралап шықты. Қонаев әскери гарнизонының сарбаздары салтанатты сап түзеп жүріп, шара маңызын арттыра түсті. Әнұранды әуелете шырқаған жастарды қала тұрғындары құрметпен қаумалап, қол шапалақтады. 1,5 мыңға жуық адамды қамтыған шара әсерлі болды. Ұйымдастырушылар мұндай құрмет шеруін өзге де өңірлерде өткізуді жоспарлап отыр.
ADVERTISEMENT