Талдықорғандағы көмір қоймаларында қатты отынға талас-тартыс жоқ. Салаға жауаптылар қаладағы 12 тұйықта 10 мың тонна көмір жатқанын айтады. Күнара облыс орталығына 8-9 вагон қатты отын келіп жатыр. Жалпы Жетісу облысына көбіне Шұбаркөл мен Қаражыра тасымалданады. Сапасы жақсы дейді тұтынушылар. Ал, ТҮКШ мамандары жеке сектор тұрғындарын қар түспей, көмір түсіріп алуға шақырады.
ADVERTISEMENT