Зайырлылық және дін. Алматы облысында мешіт имамдары мен шіркеу қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Діни нысан өкілдері жыл басынан бері атқарылған жұмыс жайында есеп берді. Аталған салаға қатысты туындайтын проблемалық мәселелер жайын талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарын айтты. Барысында өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруға септесіп, саланы дамытуға ат салысып жүрген қызметкерлерге алғыс хат пен 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай сый табысталды. Ал ұйымдастырушылар – халық арасында кез-келген дінге түзу көзқарас қалыптастыру маңызды екенін айтады. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай шараларды жиі өткізу жоспарланып отыр. Аясында түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық пен келісімді нығайту, өзара сыйластық пен серіктестікті дамыту, сонымен қатар әлеуметтік қызмет саласында тәжірибе алмасу көзделген.