Елімізде жүргізуші куәлігін алуда емтихан тапсыру ережесі өзгерді. Жаңа қаулы 16 қазаннан бастап күшіне енді. Енді жүргізуші куәлігін алу кезінде тапсыратын теориялық емтиханды, мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды. Бұған дейін аутсорсингтік компаниялар қабылдаған еді. Осыған дейін теориялық тестілеу жол жүру ережесі 2.0 жүйесі арқылы жүргізілген болатын. Бұдан былай мемлекеттік корпорация жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Жауаптылардың ақпарынша осылайша тстілеудің сапасы ғана емес, қауіпсіздігіде артады. Теориялық емтиханды тапсыру кезінде аудио-видеожазба жасалады. Сондай-ақ жеке тұлға биометриялық сәйкестендіруден өтеді.
ADVERTISEMENT