Қалтқысыз қызмет. Алматы облысында әлеуметтік қызметкерлер күні аталды. Кәсіби мерекеде өңір тұрғындарына жанашырлық танытып, қамқор болып жүрген мамандардың еңбегі еленді. Сала ардагерлері де құрметке бөленді. Оларға түрлі деңгейдегі марапат табысталды. Сонымен қатар облыстың «үздік әлеуметтік қызметкері» мен «үздік еңбек әулеті» анықталды.
ADVERTISEMENT