Әкім сайлау – бар сенім, үмітіңді бір кандидатқа байлау. Бүгін Сарқандықтар ауданды басқаруға лайықты тұлғаны таңдамақ. Таңмен таласа, ауыл-аймақтағы 34 сайлау учаскесі есігін айқара ашты. Мемлекеттік маңызды үрдіс. Мемлекеттік әнұранмен басталды. Аудан әкімі лауазымына 2 үміткер тіркелген. Ал, сайлаушы саны 27 мыңға жуық. Кім әкім болады? Мұны сайлау соңынан көп таңдауы шешеді.
ADVERTISEMENT