Алматы облысында Әлеуметтік салаға бағытталған «Zhas project» шағын грант байқауы мәресіне жетті. Жобаға өтінім қабылдау барысында жұмыссыз 18-35 жас аралығындағы 280 жас қатысуға ниет білдірген. Техникалық іріктеуден 45 өтініш өтіп, олардың бизнес жоспарлары байқау талабына сай комиссияның қарауына ұсынылды. Жоба қорытындысымен 20 бизнес-идея үздік деп танылып, оны жүзеге асыруға 1 млн теңге көлемінде қаржы берілді.
ADVERTISEMENT