Алматы облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымына өзгерістер енгізілді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының міндеттерінің кеңеюіне байланысты «экономикалық, аумақтық және бюджеттік жоспарлау» атауын қайтару ұсынылды. Шешім келер жылдың бірінші қаңтарынан күшіне енеді. Бұл туралы облыстық мәслихат отырысында белгілі болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.