Жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырғандар бостандықта жүр. Олар мемлекеттік бюджеттен 14 миллион теңге ұрлаған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатқа Заречный ауылдық округінің жолдары жөндеу өту керек болатын. «Қапшағай қаласының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары орындалмаған жұмыстар актісіне қол қойған. Олар келісім-шарттың нақты орындалмаған талаптары үшін ақша қаражатын аудару арқылы күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.