Бұл күні шекаралы шеткері аймақ, Райымбек ауданы тұрғындарының да қуанышы қостан болды. Қызылшекара, Жамбыл ауылдарына көптен күткен ауыз су жетсе, Қақпақта дәрігерлік амбулатория ғимараты ашылды. Ал Сарбастауда су жаңа балабақша пайдалануға беріліп, ақ түйенің қарны жарылған қуаныш болды.