Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жаңа туған нәрестелерге арналған патология бөлімі ашылды. Орталық шала туған шақалақтардың тезірек ширап, қатарға қосылуына қолайлы жағдай тудырады. Жалпы оңтүстік аймақтағы бұл медицина мекемесінде жылына 2 мыңға жуық сәби өмірге келеді. Орташа есеппен әрбір жүз нәрестенің 5-уінің денсаулығы қалыпсыз болып туады.

Авторы: Құрманжан Қасымжанұлы