Талдықорғанда «Жетісу — кітапқұмарлар өлкесі» байқауы қорытындыланды. Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы осыдан бір ай бұрын жариялаған сайысқа 300-ден астам қатысушы өтініш білдірген. Дені — мектеп оқушылары, — дейді ұйымдастырушылар. Жалпы, кітапқұмарлар бәсекесі үш буын өкілдері арасында ұйымдастырылды.