Арна жаңалықтары

Жайнай бер, туған қалам, Талдықорған! Бүгін Жетісудің бас шаһарында қала күні мерекесі тойланып жатыр. Бір айға жалғасқан шаралардың соңы үлкен мерекелік концертке ұласып, шаһар жұртшылығы Талдықорғанның соңғы жетістіктері таныстырылған көрмені тамашалады. Алдымен, Талдықорған әкімі бастап, шаһардың дамуына ерен еңбек сіңірген құрметті азаматтар мен ардагерлер орталық мәдениет саябағындағы мәңгілік алауға гүл…
"Жетісу" арнасының журналисі Гүлжанат Мақұлжанова "Ақпарат саласының үздігі" атанды. Әріптесіміз байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Астанада өткен салтанатты шараға қатысып қайтты. Басқосуда ақпарат және комуникациялар министірі Дәурен Абаев жетісулық тілші бастаған бірқатар озат мамандарды марапаттады. Жалпы «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісі еңбекте жоғары нәтижеге қол жеткізгендерге беріледі. Гүлжанат…
"Жетісу" арнасында тұсаукесер! Мұхтар Мағауинның әңгімесі желісінде түсірілген "Бір уыс бидай" фильмі көрерменге жол тартты. Арнамыздың төл туындысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналады. Картинада қазақтың жанын қауызға сиғызған қанқұйлы жылдар, аштық пен зұлымдықтан зардап шеккен бір отбасының өмірі баяндалады.
"Жетісу" телеарнасындағы "Әр шырқайық!" бағдарламасына 1 жыл толды. Жоба авторы Серік Әбікенұлы Сарыбаевтың ұсынысымен, шығармашылық ұжым жылдық жұмыстарын І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында қорытындылады. Қайырымдылық кеш ретінде өткізіп, концерттен түскен қаражатты көп көмегіне мұқтаж Талдықорғандық 2 отбасына берді. "Ән шырқайық! Серік Әбікенұлы Сарыбаевтың көп игі жобаларының бірі. Идея иесі көрерменге "Жетісу"…
Өтіп бара жатқан жыл біздің телеарнамыз үшін де табысты болды. Жаңа жобалар қолға алынып, эфирдің көркін аша түсуде. Біздің мешін жылында жеткен жетістіктеріміз туралы тілшіміз Аяулым Сансызбаева тарқатады. АЯУЛЫМ САНСЫЗБАЕВА - ТІЛШІ Жетісу телеарнасы үшін 2016 жыл сәттілікке толы болды. Яғни, жаңа ғимаратта, жаңа жобалар, заманауи техникалар, зәулім студияда ток-шоу…
Бір мезетте марапатталған 127 адам. Кеше Талдықорғанда өткен "Тәуелсіздік форумында" әр түрлі салада еңбек етіп жүрген, ел дамуына сүбелі үлес қосқан жандар наградталды. Оларға облыс әкімі Амандық Баталов «Парасат», «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» ордені, «Шапағат», "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" мерейтойлық медалі мен ҚР Құрмет грамоталарын табыс етті.…
"Жетісудың" 14 қыз-жігіті еңбегінің жемісін көрді. Олар түрлі бөлімдерде қазақ телевизиясының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Солардың ішінде "жаңалықтардың" жауынгер тілшілері де бар. Ақпараттың аңысын аңдып, күнделікті оқиғаларды саралап, жақсы сюжеттер жасап жүрген Гүлжанат Мақұлжанова, Қарлығаш Қайыпбекова, Назгүл Бошан және Наталья Хаменко облыстың ең үздік 25 журналисінің қатарында.
«Жүрегім сізге аманат» телехикаясы. 31 қазаннан бастап «Жетісу» телеарнасында Филиппин республикасының «Жүрегім сізге аманат» атты телехикаясы басталды. Хикаяның негізгі оқиға желісі қарапайым отбасынан шыққан Мая мен дәулетті бизнесмен Ричардтың арасында өрбиді. Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бірақ оны жұмысқа шақырған әйел алдап соққан екен. Амалсыздан басқа…
Страница 1 из 2

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.