Ерлік ескерусіз қалмайды

30 августа 2017
(1 Голосовать)

Ерлік ескерусіз қалмайды. 2014-жылы қызметтік міндетін атқару кезінде ұшақ апатынан қаза болған подполковник Ерлан Науанов мемлекеттік марапатқа ұсынылған болатын. Бүгін ҚР Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов арнайы Талдықорғанға келіп,  1-ші дәрежелі "Ел қорғаны" медалін батырдың анасына табыс етті. Осындай адал қызметкер, батыл ұл тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс білдірді. 

Подполковник Ерлан Науанов Талдықорған қаласының авиабазасында 14 жыл қызмет еткен. Түркия еліндегі НАТО-ның әскери-әуе базасында білім алды. 7 бірдей әскери ұшақ түрін меңгеріп, ол авиациялық база командирі шеніне дейін көтерілді. Тәжірибелі маманның жалпы ұшқан уақыты шамамен мың сағат. Анасы ұшқыштың көзі тірісіндегі ерліктерін енді біліп жатқанын айтады. Өйткені, ол жұмыстағы жетістіктерін айта бермейтін, - дейді.
¤
РИЗА НАУАНОВА
ЕРЛАН НАУАНОВТЫҢ АНАСЫ
ШОС елдері арасында терористерге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары болған. Сол жаттығу жұмысынан қайтып келе жатқан кезде ұшағы істен шықса да, 150 метр жердегі Қытайдың әуежайына аман-есен қондырған. Министр орынбасары Сәкен Жасұзақов баламның ұшақты шеберлікпен қондырғанына өзі куә болып, марапатқа ұсынбақ болыпты. Бірақ, ол уақыт ішінде апат болып кетті ғой...

Риза Науанова барлық шара ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, баласының еленіп жатқан еңбегі жанына медеу болғандығын айтты. Өзі өлсе де, өшпес ерлігі ел жадында сақталғанына риза. Айта кетейік, Ерлан Науановтың артында өрімдей жары мен 4 баласы қалды. Кенжесі Дәрия әкесі апатқа ұшырағанда, небәрі 4 айлық болатын. Ал, бүгін әкесінің ерілігін ескеріп берген медальді, ешкімге бергісі жоқ. Көзін көрмесе де, болашақта батырлығы мен біліктілігін айтып, мақтанып жүретін болады, - дейді туған-туыстары.
¤
НҰРЛАН ОРМАНБЕТОВ ҚР ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ
Бүгін, мінеТалдықорған авиациялық базасында еліміздің басты заңы - Ата Заңның қабылданған күніне орай, қызметін атқару барысында ерлікпен қаза тапқан подполковник Науановты ҚР Қарулы күштерінің "Ел қорғаны" медалімен марапаттадық. Медаль осындай кәсіби маман, ержүрек ұлды тәрбиелеп өсірген анасына тапсырылды.
¤
Ерлан Науанов батыл офицер, нағыз командир ретінде ел есінде мәңгілік сақталады. Тәжірибелілігі мен біліктілігі, жасаған ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, - дейді әріптестері.

Comment

Leave your comment

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.