Ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті

Дүбір шықса тұлпар елеңдейді. Желмен жарысқан жүйріктің шабысына қарап жылқы мінез жұрт рухтанады. Жамбыл ауданы Көкбастау атшабарында Елбасы кубогін сарапқа салған республикалық аламан өтті. Аталған шара рухани жаңғыру кезеңінде елімізге абырой сыйлаған ЭКСПО көрмесі мен Ата заң күніне орайластырылған. Дүбірлі мерекенің өтуіне облыс әкімдігі мұрындық болып, қолдау көрсетті. Ұлттық спорттың бағын ашар сәйгүліктер бәсекесінің басы-қасында облыс басшысының өзі болды. Жүлде қоры жеті бірдей авто-көлік пен 3 миллион теңгені құраған бұл бәйгеге 200 дей жүйрік қатысты. Аламаннан кімнің аты озып, бағы жанғанын тілшімізден білейік. 

Көкбастауда ат шабады деген сүйінші хабарды естіген Жамбыл жұрты жай қарап жата алмаған сыңайлы. Ой мен қырдан жиналған қауымның қарасы қалың. Ақындар мен батырлар еліндегі алты алашқа сауын айтқан бұл айтулы аламанға республиканың түпкір-түпкірінен шын жүйріктер жиналған. Тіпті Ресей мен Қырғыз атбегілері де өз үмітін үкілеп келіпті. Ұлы дала елінің рухани жаңғыру тұсындағы мұндай ұлы мерекені облыс әкімі өзі ашты.
 АМАНДЫҚ БАТАЛОВ   АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
/Қазіргі таңда рухани жаңғыру бағдарламасы аясында рухани кодымізді сақтап, бүгінгідей шаралар арқылы бірегейлігімізді барынша паш етуіміз керек. Елімізде ат спортының шоқтығы биік. Ардақты ағайын дүбірлі дода сәтті өтіп шын жүйріктер жеңіске жетсін деп тілеймін. Қазақстан республикасы Президенті кубігі үшін республикалық жарысты ашық деп жариялаймын./
ЗКТ:  Аспанынан ән әуелеп, күй төгілген атшабарда бауырынан жарап сылаң қаққан сайгүліктер көздің жауын алады. Айтулы додаға тісін көріп топқа бөлген 200 ге тарта қылқұйрық тіркеліпті. Мұнда 9 шақырымға тай шапса, 11 шақырымға құнан, 16 шақырымға топ, 25 шақырымға аламан тізгін босатады. Ал жүлде қоры да ат теріне тұрарлық.
ТҰРАТБЕК ШАРАПИЕВ   ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
/Аламан бәйгеге жеті орын, бірінші орындға ВАЗ патриот авто көлігі.Екінші орынға НИВА, Үшінші орынға ВАЗ жигули. Топқа біріншіге ГИВЕК көлігі екінші жигули. қалғандары бірінші орын машина басқа орындар ақшалай силықтар. /
Көкпардан үшінші орында болғанмен, Республикада Алматы облысының сайкүлітері алдына қара салмай тұр. Шабысқа келгенде Жетісу жүйріктерінің жөні бөлек дейді ұлттық спорттың басы-қасында жүргендер.
 ОРЫНТАЙ ӘМІРҒАЛИЕВ   БАС ТӨРЕШІ  
/Бәйгеге келетін болсақ кубокті 19 рет өткізіп отырмыз. Соның 70-80 пайызын алматы облысының аттары алады. сондықтан да бізде бәйге өте жоғары деңгейде дамыған дап айта аламыз./
 Қазақта -  "баласы тайға шапса, атасы үйде отырып тақым қысады" демей ме! Жер апшысын қуыра шапқан жүйріктерге жанкүйер болған жамбылдық ағайынның делебесі қозды. Жастар жағы қызқууға шықс, апайтөс азаматтар ат үстінде аударысып күш сынасты, теңге де ілді, көкпарды да тартты. Сауырынан су төгілмеген жорғалар да тайпалып көрді. Ал жиналған ағайын асыға күткен ат байгесін ұйымдастырғандарға ағынан жарылып, алғыстарын жеткізді.  
 ӘЛІМ СЕРІКБАЕВ  АУДАН ТҰРҒЫНЫ
/Рахмет айтамыз бәріне, көріп жатсыздар ғой, қаншама халық жиналып жатыр. бала-шаға кәрі жас демей. қазір аламан бәйгені асыға күтіп отырмыз. /
 МАҚПАЛ КЕЛГЕНБАЕВА  АУДАН ТҰРҒЫНЫ
/Ер адамдар тұрмақ біз әйелдер де делебеміз қозып келіп отырмыз. рухымыз өсе берсін, ат спорты дами берісн. Бәрі керемет!/
ЗКТ: Тай жарыста "Көңіл ашар" атты Жамбыл ауданының тайы бірінші болып келді. Ал Құнандар арасынан Жамбыл облысының Қаракері топ жарды. Топ бәйгенің жүлдесіне тігілген темір тұлпарды Қырғыздың Қозыкүреңі тақымдаса, Бәйгенің басы Қарасай ауданының тұлпарына бұйырды. Сөтіп 25 шақырымда көмбеден алғаш болып өткен Ақтабан Елбасы кубогін талассыз еншіледі.
 СЕКЕНАЙ  БӨБЕКБАЙ  АТБЕГІ
/Сүлікқара ұтады ғой деп ойлап едік, ұта алмады. Ақтабан ұтты. Енді бәйгеге бәрі ұтамыз деп келеді ғой, баламыздың да тактикасы мықты. Құлағына айтып тұрамыз. бәрі бақылауда тұрады ғой./
 Осылайша Жамбылдықтар қазақы қанға сіңген дүбірлі доданың куәсі болы. Ал атбегілер алда болатын айтулы дода "алтын тұлпарға" ат жаратпақ.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.