Құрбан айт қарсаңындағы қайырымдылық акциясы

30 августа 2017
(0 голосов)

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Биылғы жылы құрбан айттың 1ші күні қыркүйек айының біріне тұспа тұс келіп отыр.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Биылғы жылы құрбан айттың 1ші күні қыркүйек айының біріне тұспа тұс келіп отыр. ВИДЕО Мұсылмандардың ең қаиетті мерекесі қарсаңында қайырымдылық шараларын өткізу дәстүрге айналған. Бұл күні Қазақстанның барлық өңірінде ата-ана қамқорлығыныз қалған балалар мен көп балалы отбастарына көмек көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылады. Осы орайда, бүгін облыс орталығындағы "Иман" орталық мешітінде мектепке баратын 40 оқушыға оқу жабдықтары тегін таратылды.  Шараның өтуіне  Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі мұрындық болып отыр. Имамдардың айтуынша, көмекке зәру балаларға мейіріммен қарап қамқорлық жасау, сауабы мол іс. Сондықтан, қасиетті мереке қарсаңында ізгі амалдар жасаған абзал. Талдықорған өңірі бойынша әлі де 900 оқушыға көмек көрсету жоспарланып отыр.
СЕРІКХАН АХМӘДИЕВ ҚМДБ ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІ БОЙЫНША ӨКІЛ ИМАМЫ    
 Биыл бізде Талдықорған өңірі бойынша мешіттерде 850 адамға мектепке жол акциясы бойынша көмек көрсетілген.  Сөмкесі, қаншама адамдардың киімдері бар. Оның құрладары бар. Соның барлығы берліп көмек көрсетіліп отыр.

Comment

Leave your comment

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.