Рухани жаңғыру - кемелдік кепілі

30 августа 2017
(0 голосов)

Рухани жаңғыру - ел кемелдігі кепілі. Ұрпаққа бағытын нұсқауда - қарттар кеңесі "Темірқазық" іспетті. Бүгін Жетісулық зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлерімен кездескен облыс әкімі Амандық Баталовтың пікірі осындай. "Рухани жаңғыру" тақырыбы талқыланған тағылымды кездесу таза табиғат аясында, қалалық көшет бақ аумағында өтті.  

Рухани жаңғыру - қоғамдық сананы жаңғырту. Ал, зиялы қауым - әлеуметтік санат. Қоғам пікір-пайымдарымен санасады. Айтқанына құлақ салады, сөзіне сенеді. Амандық Баталовтың Елбасының рухани жаңғыру идеясын ел сыйлаған беделді қарттармен талқылауының төркіні де осында. Жаңғырудың жай-жапсарын көпке насихаттар, үлес қосуға ұмтылдырар тәуелсіз күш иелері. Үлкен жағы бұл шақыруды қуана қабыл алыпты. Өткенде Жетісулық жастармен кездескен, енді аға буынмен кездесіп жатыр. Халықпен кеңескеннің ісі келелі,-дейді Еңбек Ері Күләш Айтжанова.

Жаңғыруға жетудің бірнеше бағыты бар. Ол - ұлттық бірегейлікті сақтау, эволюциялық даму, сана ашықтығы прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік. Кездесуде аясында туындайтын мақсат-міндеттер айтылды. Рухани жаңғыруды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік жағдайы, елдің экономикасы мығым болуы шарт. Қазақстанда, оның ішінде Алматы облысында бұл бағытта қыруар шаруа атқарылды -дейді облыс әкімі Амандық Баталов. Оның бұл ойын Аманғазы Шегіров те қостап отыр.    

Аманғазы ағамыз айтса айтқандай, бүгінде бюджетіміздің бүйірі тоқ. 400 млрд теңгеге жетті. Қаңтар -маусым айларында өнеркәсіпте 329,4 млрд теңгенің  өнімі өндірілді. 174,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Мұның бәрі Елбасының саясатының, мемлекеттік қолдаулардың жемісі, -дейді облыс басшысы.
Саны 2 млннан асқан Жетісулықтар тірлігіндегі жетістіктерді тізбелеп...

Кездесуде Елбасы тапсырмаларының тиянақты орындалысы да сөз болды. Бұл қатарда -қант зауыттарын жаңғырту, Алакөлде туризмді дамыту, жолдарды жөндеу, индустриялық аймақтар құру жайына тоқталды. Балабақша, мектептер салу, Талдықорғанды абатттандыру бағытында атқарылған бар жұмыс баяндалды.   
"Нұрлы жер" бағдарламасы серпін берген жобалар таныстырылды. Ардагерлер риза! Алматы облысы -көшбастар қара шаңырақ. Солай болуы заңды!,-дейді. Жалпы,кездесу өте мазмұнды өтті. Үлкен істер атқарарда қашан да халықпен дидарласу маңызы зор,-деп тарасты көпшілік.  

Comment

Leave your comment

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.