Тойқазан - дәстүрдің нағыз дәмі

29 августа 2017
(0 голосов)

Өңірімізде осымен бесінші рет дәстүрге айналған «Тойқазанның» мерейтойлық мерекесі өтті. Шараны Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктері қолдап, «Парыз» қайырымдылық қоры мен франчайзинг Еуразиялық қауымдастығы ұйымдастырды. Көп ұлтты халқымыздың асы мен дәстүрін дәріптейтін фестивальдің маңызы мен мерекеленуі жайлы келесі бейнематериалдан көрелік.

 Іле Алатауының ең көркем өрі, яғни «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде ұйымдастырылғанТойқазанымыз осы. Елдегі халықтың ұлттық тағамдарының фестивалі бұл жолы - «Тойқазан - дәстүрдің нағыз дәмі» деген ұранмен өткізілді.Мерекеде ас қана емес, салт-дәстүр, өнер ұлықталды. Сондықтан ұлт құндылығы мен дәстүріне сусаған жұрт, этно-заманауи фестивальге көп жиылды. Шара шымылдығын Ассамблеяның абыз ақсақалдары ашып, ақ тілектерін ағытты. Ал ұйымдастырушылар Қазақстан халқының тағам түрлерін танытып, мәдениетін тоғыстырған Тойқазанның маңызына тоқталды.
БЕКНҰР ҚИСЫҚОВ, ФЕСТИВАЛЬ ИДЕЯСЫНЫҢ АВТОРЫ
 Қазақстан халықтары Ассамблеясы өкілдерінің мерекелік шеруімен басталған Тойқазан, бірнеше аумаққа бөлініп, бір уақытта өткізілді. Мәселен, Шай қазанда - әр ұлттың шай дәстүрі көрсетіліп, әлемге әйгілі шай брендттері мен сұрыптарының дәмін тату рәсімі жасалса, Тойқазан дастарханында - Алматы мен облысымыздың озық мейрамханалары әртүрлі ұлттық тағамның ұлылығынкөрсетті. Қазан-қазан ет асып, күріш басты. Бауырсақтың 10 түрінен байқау өткізіп, жұртқа тегін үлестірді. Игі шарадан ұлттық өнімді ұлықтап жүрген кәсіпкерлер де сырт қалмады. Ас-сусынын дәріптеп, халыққа дәм татқызды.
КЕРІМ БАЙТІКОВ, КӘСІПКЕР
Аударма:Бізде қазір шұбат пен қымыздан басқа ұлттық сусындар жоқ. Сондықтан дәстүрімізді жаңғыртып, жұртымызға денсаулыққа пайдалы, нәрлі сусын мәдениетін енгізсек деп осы істі қолға алдық. Көне технологиямен жасалған көжелеріміз көптің сұранысына ие. Басты сусынды барша ішсін деп тойға әдейі әкелдік.
 Көп ұлтты еліміздің асын әспеттейтін мереке, Қазақстан халқы Ассамблеясы жайғасқан Қонақжай аумақта да ауқымды ұйымдастырылды. Әр шатырда этно-мәдени орталықтар ұлттық тағам түрлерін қойып, ұлт мәдениеті көрсетілді.
 Сан ұлттың қолөнері топтастырылған Шеберлер ауылының шырайы да бөлек. Бір бөлігінде өрендер үшін шеберлік сабақтары өткізілсе, негізгі бөлігінде жәрмеңке жайылып, жеке жас кәсіпкерлер ұлттық үлгідегі қайталанбас өнімдерін ұсынды.
ҚҰРАЛАЙ БҰРШАҚБАЙ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
 Жәрмеңкені жағалаған жұрт қолөнершілердің әсем бұйымдары мен киім үлгілеріне тәнті болды. Бірі арзан бағамен қалаған затын алып қуанса, бірі қолөнершілермен қосыла ән шырқап, тойдың әрін кіргізді.
ГҮЛМЕРЕКЕ НАСЫРОВА,
НАЗГҮЛ ӘБІШТЕГІ,
 Идеялар алмасып, жаңа ұлттық өнім жасап, ас мәдениетін елге танытуға ықпал еткен алаңда Қазақстанның ішкі туризмі, туристік әлеуеті, демалыс орындары мен өңіріміздің мүмкіндіктері таныстырылды.
АРҚАУ ШАНТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
КСМ: Тойқазанның тағы бір тамашасы - ұлттық спорт түрлерінің сайысы болды. Мергендер асық атып, палуандар күш сынасты. Үлкен сахна төрінде дәстүрлі әндер шырқалып, заманауи музыка орындалды. Фестиваль жүлдесі үшін ересектер мен балалар өнер бәйгесін өткізді. Жалпы бауырмал қазақстандықтардың басын біріктіріп, асын ортақ қылған қазан той көптің пікірінше тамаша өтті.
Жазира Исаева, Степан Мережко, Жетісу телеарнасы

Comment

Leave your comment

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.