Учаскелік полиция пункті ашылды

30 августа 2017
(0 голосов)

Ел Конституциясының 22 жылдығына орай Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында жергілікті полиция қызметінің учаскелік пункті ашылды. Басына іс түсіп, арыз айта келген жұрт бұрын аудан орталығына сабылатын. Енді, ауыл тұрғындары полиция учаскесінің қызметіне күндіз-түні жүгіне алады.



Бұған дейін Шанханай ауылдық округінде учаскелік полиция пункті болмаған. Жаңадан бой көтерген мына нысан жергілікте жердегі қылмысқа тосқауыл болмақ. Мұнда тәртіп сақшыларына барлық жағдай жасалған. 4 бөлмелі тұрғын үймен қатар қызмет нысаны да осында. Ғимарат толықтай қажетті құралдармен жабдықталған. Жаңа қызметте жаңа басапана иеленген Ернұр Бүркітбаев ел тыныштығын сақтауға сүбелі үлес қосам дейді.
¤
ЕРНҰР БҮРКІТБАЕВ ШАНХАНАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ

¤
Ауылдық округке қарайтын 3 елді мекеннің қауіпсіздігі енді Ернұр Бүркітбаевтың мойнында. Тәртіп сақшысы үндіз түні ауылда болатынына 4000-ға жуық халқы бар елді мекен тұрғындары да дән риза.
¤
ШОЛПАН АРЫСТАНОВА ШОҚАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
¤
Жергілікті жерлерде учаскелік полиция пункті жыл санап көбейіп келеді. Ағымдағы жылда алғашқы болып Кербұлақта бой көтерді. Ал, жоспар бойынша облыста енді осындай пунктің 60-ы салынбақ.

КАМШАТ МУХАМЕДЖАН АЙДОС ҚАЛИЕВ ЖТ КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ

Comment

Leave your comment

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.