Жаңа оқу жылы - жаңа мектепте

29 августа 2017
(1 Голосовать)

Алтын ұя мектеп - балаң армандардың бастау көзі. Білім мен тәрбиенің ошағы. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы 1200 орындық су жаңа мектепті облыс әкімі Амандық Баталов өзі барып ашты. Оқу ордасын салуға "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Жамбыл жұртының айтулы қуанышымен тілшіміз де бөлісіп қайтты.

/Осы жылы облысымыз бойынша 49 мың бала бірінші сыныпқа барады. ондай жағдай кез-келген облыста жоқ. Жаңа оқу жылын сіздер жаңа ғимаратта бастайсыздар. Сендер бақытты баласыңдар. сондықтан дұрыс жолмен жүріңдер. жақсы оқыңдар. Біліп жүріңіңдер осының бәрі елбасының саясаты мен"Нұрлы жол" бағдарламасының арқасында./
 Бұл 1200 орындық су жаңа мектеп облысымызда биыл салынған 35 білім шаңырағының бірі. Осыған дейін Ұзынағаштағы Абай мектебінде 2500ға жуық бала үш ауысыммен оқып келген. Мәселе оңды шешімін тауып, оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасалып отыр. Әсіресе мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ.
Су жаңа ғимарат соңғы үлгідегі жаңаша талғаммен жабдықталған. Заманға сай білім беруге толық мүмкіндік қарастырылған. Облыс басшысы мектептің әрбір кабинетін аралап, өз көзімен көріп шықты. Бүгінде 850 ден аса оқушысы бар білім ордасы қажетті оқулықпен де 100 пайызға қамтылмақ.
 СЕРІК ТІЛЕПБЕРГЕНОВ   МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
/Мектеп ғимараты өте жақсы, биология екі кабинет бар, химия екі, физика екі кабинат бар. үлкен екі спорт залымыз бар. 67 интерактивті тақта бар. яғни бұл метеп заманға сай мектеп./
 Жаңа білім ошағының ашылын асыға күткен Ұзынағаш тұрғындарының алғыстан басқа айтары жоқ. Ұрпақ қамын ойлаған ел ағаларына ризашылықтарын білдіріп жатыр.
 АЛТЫНЖАН  НҮСІПӘЛИЕВА                                    АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
/Мектеп салып беріп отқан елбасына, облыс әкімі амандық Ғаббасұлына, аудан әкіміне оны қолдаған баршаңызға алғыс айтамын. аналық жүрегіммен, ұстаздық жүрегіммен. балалар жақсы оқыңдар. жлдарың ашық болсын. отан сендердің қолдарыңда.... /
 Жаңа оқу жылында облысымыз бойынша жаңдан бой көтерген 27 білім ошағы пайдалануға берілмек. Ал  оның төртеуі осы Жамбыл ауданындағы шәкірттерге есік ашады.

Comment

Leave your comment

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.