17 үй 17 отбасының қуанышы. Бүгін Көксу ауданына қарасты Балпық би мен Жарлыөзек елді мекеннің тұрғындары баспаналы болды. Жеке тұрғын үйлер – халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жандарға тарту етілді. Республика күні қарсаңында аудан әкімі Дәулет Халелов салтанатты түрде, жаңадан бой көтерген үйлердің кілтін табыстады.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.