2 жылғы үзілістен кейін отандық сиыр етінің алғашқы партиясы Қытайға экспортталды. 2022 жылдан бері Қытай Халық Республикасының аусыл ауруына байланысты уақытша шектеулер енгізілген еді. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен салмағы 20 тонналық сиыр еті Алматы облысынан Қытайға жөнелтілді.