40 жылдай құжатсыз жүрген қария. Жұманазар Атажанов Қарақалпақстанның тумасы. Бірақ тағдыр тауқыметімен Қазақстанда тұрып жатыр. Ол 29 жасында жұмыс іздеу мақсатында елге келген. Бірақ оның осы күнге дейін, жеке басын куәландыратын бір де бір құжаты болмаған. Тіпті еш мемлекетте азаматтығы жоқ. Ардагерге Талдықорғандағы әлеуметтік бейімдеу орталығы қол ұшын созды. Оған «ҚР-ның Азаматтығы жоқ куәлігі» табысталды. Яғни, елде тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына рұқсат етілген құжат берілді.